USD: 470.9 / 473.5
  • EUR: 541.0 / 546.0
  • RUB: 5.61 / 5.73
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Алматыда УЕФА талаптарына сай заманауи футбол аренасы салынып жатыр

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Алматыдағы жаңа стадион 2028 жылы пайдалануға беріледі.

Алматыда 45 мың көрерменге арналған заманауи футбол стадионының құрылысы жалғасуда. Жаңа спорт нысаны Құлжа және Талғар тасжолдарының бойында салынып жатыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласы Құрылыс басқармасының басшысы Нұрбол Нұрсағатовтың айтуынша, жобаға бөлінген аумақтың жалпы көлемі 32 гектарды құрайды.

Қазір құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Болашақ арена УЕФА-ның IV санаттағы талаптарына толық сәйкес болады. Бұл халықаралық деңгейдегі футбол матчтары мен ірі спорттық жарыстарды өткізуге мүмкіндік береді.

"Жоба аясында негізгі стадионнан бөлек жаттығу алаңдары, спортшылар мен командаларға арналған инфрақұрылым, жанкүйерлер аймағы, қауіпсіздік жүйелері және іргелес аумақты абаттандыру жұмыстары қарастырылған. Жоба барысында көлік қолжетімділігіне де ерекше назар аударылған. Стадион қаланың негізгі магистральдарының бойында орналасатындықтан, оған апаратын жол инфрақұрылымы жаңартылып, бұқаралық іс-шаралар кезінде көлік қозғалысын тиімді ұйымдастыру көзделген", – делінген хабарламада.

Құрылыс басқармасының мәліметінше, жаңа стадион Алматының спорт инфрақұрылымын дамытудағы маңызды жобалардың бірі болмақ. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін халықаралық жарыстарды қабылдап, футболдың дамуына серпін береді және қаланың өңірдегі ірі спорт орталығы ретіндегі мәртебесін нығайтады.

Стадион құрылысын 2028 жылдың наурыз айында аяқтау жоспарланып отыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау