"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы "ЦОН" мобильді қосымшасында дайын құжатты жеткізудің жаңа сервисін іске қосты.
Жеткізу қызметіне тапсырыс беру небәрі бірнеше минутты алады. Бұл сервисті құжат немесе мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі дайын болғаннан кейін пайдалануға болады. Қызмет тапсырыс рәсімделген елді мекен шегінде ғана көрсетіледі. Айта кетейік, егер тапсырыс сағат 17:00-ге дейін рәсімделсе, жеткізу сол күні жүзеге асырылады, ал 17:00-ден кейін рәсімделген жағдайда құжат келесі жұмыс күні жеткізіледі.
Жеткізу қызметіне тапсырыс беру бойынша нұсқаулық:
- "ЦОН" мобильді қосымшасына кіріп, "Мамандандырылған ХҚКО" бөлімінен "Құжаттарды жеткізу" қызметін таңдаңыз;
- Жеткізу мекенжайын көрсетіп, өзіңізге қолайлы уақытты таңдаңыз;
- Оферта шартымен танысып, келісіміңізді растаңыз және қызмет ақысын төлеңіз.
Осыдан кейін қосымша арқылы жеткізу мәртебесін бақылап, курьер туралы ақпаратты нақты уақыт режимінде көруге болады.

