USD: 485.7 / 488.3
  • EUR: 554.5 / 559.5
  • RUB: 6.23 / 6.35
Тікелей эфир
Алматы +31C
Все города

Pki.gov.kz сайтында жеке кабинетке кіру үшін енді eGov Mobile арқылы растау қажет

Фото интернеттегі ашық дереккөзден алынды
Фото интернеттегі ашық дереккөзден алынды
Бұл сайт электрондық цифрлық қолтаңба алу үшін қолданылады.

Ұлттық куәландырушы орталығының жеке кабинетіне кіру үшін енді екі шартты орындау қажет. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ қолданушыларды авторизациялау кезінде енді екі факторлы аутентификация енгізілгенін хабарлады

Жаңа талапқа сәйкес, жеке кабинетке кіру үшін электрондық цифрлық қолтаңба мен құпиясөзден бөлек, келесі тәсілдердің бірі арқылы қосымша растаудан өту қажет:

Мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөміріне SMS арқылы жіберілетін бір реттік кодты енгізу;
eGov Mobile қосымшасындағы "Жеке куәлік" цифрлық құжатынан алынатын кодты енгізу.
Ескерту: бұл механизм Мобильді азаматтар базасында телефон нөмірі тіркелмегендіктен Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын тұлғаларға қолданылмайды.

"Қосымша тексеру кезеңі пайдаланушылардың есептік жазбаларын қорғауға және дербес деректерге рұқсатсыз қол жеткізудің алдын алуға бағытталған", – делінген ресми хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз