Оның айтуынша, Мәскеуде этнографиялық музейде ханның мылтығы да уақытша сақталған.
Қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлының туғанына 220 жыл толды. Осы орайда Парламент мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл премьер-министр Әлихан Смайыловтан Кенесары ханның бас сүйегін елге қайтаруға қолдау көрсетуді сұрады.
Бақытбек Смағұлдың сөзінше, Кенесары ханның бас сүйегі мен оның мылтығы Мәскеуде этнографиялық музейде уақытша сақтаулы. 2021 жылы географиялық қоғам ұйымдастырып, Қазақстаннан арнайы барған комиссия және мамандар ханның бас сүйегі мен мылтығын сәйкестендіру жұмыстарымен айналысты. Тарихи, антропологиялық, мұражайлық және мұрағаттық зерттеулер кешенінің қорытындысында мылтықтың ханға 100% тиесілі екені, ал бас сүйек Кенесары ханның бас сүйегі екені (сәйкестік 90%-дан жоғары) анықталды.
"Кенесары ханның туғанына 220 жыл және Ұлы ханымыз бастаған көтеріліске 185 жыл толуын, мұның ұлттық тарихтағы маңызды орнын ескере отырып, сонымен қатар Әділетті Қазақстанда тарихи әділдікті қалпына келтіру мақсатында Кенесары ханның сүйегі мен мылтығын Ресейден Қазақстанға қайтару мәселесіне қолдау көрсетуіңізді сұраймын", – деді Бақытбек Смағұл үкімет басшысына.
Депутат хан сүйегін Астанадағы Ұлттық пантеонда жерлеуді, ал мылтықты Ұлттық мұражайға тапсыруды ұсынды.
Кенесары Қасымұлы – Жошы ханның ұрпағы, атақты Абылай ханның немересі. 1841-1847 жылдары қазақтың ханы, 1837-1847 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс көсемі болды. Бұл көтерілісті патша үкіметі де жеңе алмады.
1847 жылы Кенесары хан Ыстықкөл маңында қырғыздардың қолына тұтқынға түсті. Кейіннен басы кесіліп, Ресей империясына жіберілді. Кенесары хан қаза тапқан соң Қазақ хандығы да құлады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
123 мамырдан бастап Астана-Анкара тікелей рейсі қосылады ✈️
-
415
-
0
-
4
-
-
2Ақтөбеде есірткі сатқан тұрғын ұсталды
-
396
-
0
-
1
-
-
37 ақпанда «AMANAT» партиясының кезектен тыс съезі өтеді
-
371
-
0
-
1
-
-
4Қызылорда облысында оқушылар мектепке қайықпен қатынауға мәжбүр болған
-
377
-
0
-
2
-
-
5Шағын және орта бизнес өкілдерінің саны 2029 жылға қарай 5 миллионға жуықтайды
-
356
-
0
-
1
-
-
6Дінтану негіздері, қостілді оқулықтар. Мектеп бағдарламасына қандай оқу кітаптары қосылады?
-
371
-
0
-
2
-
-
7Алимент төлемеген 16 мың азаматқа Қазақстаннан шығуға тыйым салынды
-
344
-
0
-
0
-
-
8Ақпарат министрі: Журналист пен блогерді айыру үшін баспасөз картасын енгіземіз
-
313
-
0
-
1
-
-
9Қуантыров: бала Ұлттық қордан үлесін алу үшін 18-ге толғанға дейін азаматтығын ауыстырмауы керек
-
299
-
0
-
0
-
-
10Құстардың ұшақтарға соғылуы: Жануарлардың мінез-құлқын зерттейтін комитет құрылады
-
248
-
0
-
0
-