Тікелей эфир

Утиль алымының азаюы vs доллардың қымбаттауы: Көлік арзандай ма?

Өткен жылы қазақстандықтар 117,6 мың жаңа көлік сатып алды.

2022 жылдың екі айының қорытындысы бойынша, Қазақстан экономикасы 3,5% өсті. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша машина жасау өндірісінің 9,2% өскенін атап өтті. Ал автомобиль жасау саласының қарқындылығы 10,2% артқан, деп хабарлайды finprom.kz сайты.

Сайт мәліметінше, утиль алымы мөлшерінің төмендеуі мен доллардың өсуі көлік бағасының айтарлықтай арзандауына алып келмейді. Сондай-ақ, Ресей қазірдің өзінде ішкі сұранысты қанағаттандыра алмай отырғандықтан, экспортты тоқтатуы мүмкін. Мұндай жағдайда Қазақстандықтар негізінен отандық көліктерді таңдауы мүмкін. 

Биыл көлік өндірісі секторында 133,6 млрд теңгеге өнім шығарылды (өткен жылы 93,5 млрд теңгеге шығарылған еді.) Бұл – көлік құрастыру сегментінің 38,4%-ы. 2021 жылы бұл көрсеткіш 32,1%-ды, 2016 жылы 9,9%-ды құрады. 


Оқи отырыңыз: Қазақстанда жеңіл көлік бағасы қандай жағдайда екі есеге дейін арзандайды?


Екі ай ішінде елде 14,3 мың теңгеге автокөлік құралдары, трейлерлер және жартылай тіркеме шығарды – өткен жылмен салыстырғанда 10% көп. Оның ішінде 12,4 мың теңгеге жеңіл автокөлік өндірілді, көрсеткіш бір жылда 7,2% өскен. 

Өткен жылдың қорытындысы бойынша секторда 93,5 мың бірлік техника шығарылды. Көрсеткіш бір жылда 20,8% өскен – бұл Қазақстан автопромындағы жаңа рекорд. Оның ішінде 80,7 мың бірлік – жеңіл автокөлік. Бір жылда 24,5% өсті. 

Қазақстан автобизнес қауымдастығының мәліметінше, Қостанайдағы "СарыарқаАвтоПром" зауытында 60 мың автокөлік құралы өндірілген. Бұл – жалпы Қазақстандағы көлік техникаларының 64,2%-ы. 

Мұнымен қатар:

  • Алматы қаласында – 26,7 мың бірлік;
  • ШҚО-да – 4,3 мың бірлік;
  • Ақмола облысында – 1,6 мың бірлік көлік өндірілді. 

Оқи отырыңыз: Қазақстан биыл Kia Sportage, Lada Granta және Chevrolet көліктерін өзі толық құрастыратын болады


2021 жылдың қорытындысы бойынша экспорт үлесі 49% өсіп, 12,1 мыңды құрады. Негізгі экспорт бағыты – Ресей, Өзбекстан жне Беларусь. 

Өткен жылы қазақстандықтар 117,6 мың жаңа көлік сатып алды, бұл оның алдындағы жылмен салыстырғанда 25,9% (93,4 мың) көп. Әрбір сатылған үшінші көлік Қазақстанда өндірілген. Өткен жылы дилерлер 73,2 мың отандық автокөлік пен жеңіл коммерциялық техника сатты, 2020 жылмен салыстырғанда 9,5% (66,8 мың болған еді) көп. 

Серіктестер жаңалықтары