Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының жаңа бас хатшысы болып қырғызстандық Таалатбек Масадыков тағайындалады. Бұл туралы Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков мәлімдеді деп хабарлады Тасс ақпарат агенттігі.
Таалатбек Масадыков жаңа қызметін 2026 жылғы 1 қаңтардан бастайды. Қазіргі таңда ол ҰҚШҰ бас хатшысының орынбасары қызметін атқарады.
"Бішкекте ұжымдық қауіпсіздік кеңесіне ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов та қатысады ол бұл қызметтен 1 қаңтардан бастап босайды", – деді Юрий Ушаков.
Сондай-ақ, ол кеңесте ҰҚШҰ сессия аралық қызметіне қорытынды жасалып, халықаралық және өңірлік деңгейдегі мәселелер талқыланады.
Айта кетейік, 26-27 қараша күндері өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады.
USD:
505.5 / 508.5
EUR:
587.5 / 592.5
RUB:
6.47 / 6.59

