Тікелей эфир

Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ бас хатшысы болып тағайындалды

Ол бұл қызметті үш жыл атқарады.

Иманғали Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы қызметіне тағайындалды. 

Бұл қызметті оған дейін Станислав Зась атқарған болатын. 

"Станислав Зась ҰҚШҰ бас хатшысы қызметіндегі үш жылдық міндетін аяқтады. Оған адал қызметі үшін алғыс білдіремін. 2023 жылдың басынан бастап бұл міндетті Қазақстан өкілі Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов атқаратындықтан, құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы оны бізге таныстырғаны дұрыс болар", – деді Армения премьер-министрі Никол Пашинян. 

Иманғали Тасмағамбетов 1956 жылы дүниеге келген. Премьер-министр, Алматы мен Астана қалалары және Атырау облысының әкімі, Президент әкімшілігінің жетекшісі, Қорғаныс министрі қызметін атқарған.

Соңғы қызметі – Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі. Ол бұл қызметтен 2019 жылдың 18 желтоқсанында зейнетке шықты.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының әскери-саяси ұйымы. Ол 1992 жылы 15 мамырдағы келісім аясында 2002 жылы құрылды құрылды. Ұйымға Армения, Беларусть, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан елдері мүше.

Серіктестер жаңалықтары