USD: 486.5 / 489.1
  • EUR: 558.5 / 563.5
  • RUB: 6.35 / 6.47
Тікелей эфир
Алматы +31C
Все города

Үндістанда "Тарақандар" қозғалысы білім министрінің қызметтен кетуін талап етті

Фото: Al Jazeera
Фото: Al Jazeera
Бұл қозғалыс Жоғарғы сот төрағасының жастарды тарақанға теңеген пікірінен кейін құрылған болатын.

Үндістан астанасы Нью-Делиде жастар арасында танымал болған Cockroach Janta Party (CJP) қозғалысының жақтастары білім министрі Дхармендра Прадханның отставкасын талап етіп, мерзімсіз наразылық акциясын өткізуде. Полицияның талаптарына қарамастан, шерушілер наразылықты тоқтатпайтындарын мәлімдеді, деп жазды Al Jazeera

Қозғалыстың жетекшісі Абхижит Дипке АҚШ-тағы Бостон университетін тәмамдағаннан кейін Үндістанға оралып, әлеуметтік желідегі бастаманы көшедегі наразылыққа ұластырды. Оның айтуынша, акцияның негізгі мақсаты – емтихан жүйесіндегі әділетсіздік пен жастардың мәселелеріне биліктің назарын аудару.

Үндістан халқының жартысына жуығы – 25 жасқа толмаған жастар. Соңғы жылдары ұлттық емтихандардың сұрақтары бірнеше рет алдын ала тарап кетіп, бағалау жүйесіне қатысты дау-дамайлар қоғамда үлкен наразылық тудырды. Бұл әсіресе жоғары оқу орындарына түсуге дайындалып жүрген талапкерлер арасында сенімсіздік пен күйзеліске себеп болды.

Cockroach Janta Party қозғалысы алғашында әлеуметтік желідегі әзіл ретінде пайда болған. Үндістанның Жоғарғы сотының төрағасы жастарды "тарақандарға" теңеген пікірінен кейін Абхижит Дипке X әлеуметтік желісінде: "Егер барлық тарақандар бірігетін болса ше?" деген жазба жариялаған. Көп ұзамай бұл идея кең таралып, қозғалыстың ресми сайты іске қосылды, ал Instagram-дағы парақшасының оқырмандары 22 миллионнан асты.

6 маусымнан бері қозғалыс Нью-Дели, Мумбай, Бенгалуру және Нагпур қалаларында бірнеше наразылық акциясын өткізіп, жүздеген жастарды жинады.

Наразылыққа қатысушылардың бірі, 18 жастағы Сачин Кумар ұлттық медициналық жоғары оқу орындарына түсу емтиханын тапсырған. Алайда сұрақтардың алдын ала жарияланып кеткені анықталғаннан кейін емтиханның нәтижесі күшін жойып, қайта өткізілетін болды.

"Бұл менің жігерімді құм қылды. Студенттер күйзеліске түсіп жатыр, бірақ оған ешкім назар аудармайды", – дейді ол.

Өткен жексенбіде шамамен 1,7 миллион талапкер емтиханды қайта тапсырса, Кумар наразылық алаңында қалуды жөн көрген.

Емтихан материалдарының таралуын тоқтату мақсатында Үндістан билігі Telegram мессенджерінің жұмысын уақытша шектеді. Алайда сыншылар бұл шараны мәселенің түпкі себебін шешпейтін уақытша қадам деп бағалады. Қайта емтихан өткізілгенге дейінгі аралықта елде оннан астам студенттің өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарады. Осы оқиғалардан кейін қоғамда білім министрінің отставкасын талап ету күшейе түсті.

Қазіргі таңда наразылық білдірушілер Нью-Делидегі Жантар-Мантар алаңында түнеп жатыр. Полиция олардың тарауына әрекет жасап, су мен азық-түлік жеткізуге уақытша шектеу қойғанымен, қозғалыс мүшелері министр қызметінен кеткенге дейін акцияны тоқтатпайтындарын мәлімдеді.

 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз