USD: 468.1 / 470.9
  • EUR: 547.0 / 552.0
  • RUB: 6.23 / 6.35
Тікелей эфир
Алматы +13C
Все города

Қарақабақ қалашығының орнынан Византия, Үндістан және Риммен байланысты жәдігерлер табылды

Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Қалашық б.з. I-VI ғасырларында сауда және қолөнер орталығы болған.

Қарақабақ қалашығының орнынан Византия, Үндістан, Рим, Парсы және Қытай елдерімен байланысты дәлелдейтін тиындар, мөрлер, қыш ыдыстар мен түрлі жәдігерлер табылды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің хабарламасында жазылған. 

Қарақабақ қалашығы б.з. I-VI ғасырларына жататын көне сауда және қолөнер орталығы болған. Археологиялық зерттеулер бұл өңір арқылы осыдан 2000 жыл бұрын халықаралық сауда қатынастары жүргенін дәлелдеп отыр. Ғалымдардың пайымдауынша, Қарақабақ Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағындағы маңызды теңіз-құрлық сауда торабы ретінде Каспий маңы мемлекеттерінің саяси, экономикалық және сауда байланыстарында ерекше рөл атқарған. 

Қалашықтан Византия, Үндістан, Рим, Парсы және Қытай елдерімен байланысты дәлелдейтін тиындар, мөрлер, қыш ыдыстар мен түрлі жәдігерлер табылған. Сондай-ақ археологтар көне порт қызметін атқарған аймақтың іздерін, қолөнер өндірісі мен теңіз саудасына қатысты көптеген деректерді анықтаған. 

Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

"Ғалымдардың пайымдауынша бұл қала ІІ ғасырдағы Рим ғалымы Клавдий Птолемей жасаған Каспий теңізінің шығыс жағалауының картасында Аспабота деген қала-мемлекет ретінде көрсетілген. Бұнда жер астында көне қаланың орны жатқаны анықталып отыр. Қазіргі тілмен айтқанда, бұл өз дәуірінің ірі логистикалық хабы болған деуге болады. Бұл деректер ата-бабаларымыз тек көшіп-қонып, мал шаруашылығымен ғана айналысты деген түсінікті жоққа шығарады. Керісінше, мұнда үлкен сауда айналымы жүргенін, өркениет болғанын дәлелдейді", – деді облыс басшысы Нұрдәулет Қилыбай.

Жоба аясында Қарақабақ аумағында ғылыми-археологиялық база, ашық аспан астындағы музей, туристік инфрақұрылым мен арнайы экскурсиялық бағыттар құру жоспарланып отыр. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз