Үндістанда нөсер жаңбыр жауып, 62 адам қаза тапты

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Көршілес Непалда қайтыс болғандар саны 21-ге тең.

Үндістанның Уттар-Прадеш штатында нөсер жаңбыр салдарынан кемінде 62 адам қаза тапты. Тағы 46 адам зардап шегіп, мыңға жуық үй бүлінген. Бұл туралы Associated Press хабарлады.

Елдің солтүстігінде нөсер жаңбыр үшінші күн қатарынан жауып жатыр. Қатты жауын-шашын салдарынан су тасқыны болып, елді мекендерді су басты.

28 қыркүйекте штаттың кейбір аудандарында мектептер уақытша жабылды. Құтқарушылар су басқан аумақтардағы тұрғындарды қауіпсіз жерлерге эвакуациялап жатыр. Тұрғындарға су басқан аумақтарға бармауға, ағысы қатты өзендерден, бұлақтардан және су ағатын арналардан аулақ болуға кеңес берілді.

Аймақтық метеорологиялық орталықтың мәліметінше, штат астанасы Лакхнауда жауын-шашын бүгіннен бастап азая бастайды. Алайда штаттың шығыс және батыс аудандарында 29 қыркүйекке дейін жаңбыр жаууы мүмкін. Су тасқыны Үндістанның Одиша штатында да болды. Онда 75 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Қолайсыз ауа райы көршілес Непалға да әсер етті. Ұлттық апаттарды басқару агенттігінің мәліметінше, елде 21 адам қаза тауып, бес адам хабар-ошарсыз кеткен. Тағы бес адам жарақат алған.

Су тасқыны мен көшкін салдарынан Непалда 194 үй бүлінген.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау