"Биоәртүрлілікті зерттеу және сақтау орталығы" қоғамдық қоры Қазақстанда сирек кездесетін құс – тазқараға (қара гриф) GPS/GSM-трекерлер орнату жобасының алғашқы қорытындыларын жариялады.
GPS/GSM-трекер Шарын және Алтын-Емел ұлттық парктеріндегі тазқараларға тағылған. Ол құстардың нақты уақытта қандай бағытпен ұшатынын, қыста қай жерде болатынын және Қазақстаннан тыс аумақта қандай қауіп-қатерге тап болатынын анықтауға мүмкіндік береді.
Телеметриялық деректердің алғашқы нәтижелері не сәйкес, жас тазқаралар әлі жұп құрып, ұя салмайтындықтан, жаз мезгілін басқа жетілмеген құстармен бірге көшіп-қонып өткізетіні анықталды. Олар қорек іздеп, алыс жерлерге дейін ұшады. Мәселен, қысқа қарай бұл құстардың кейбірі Үндістан мен Пәкістанға дейін ұшып барып, қыстайтын болса, кейбірі Тәжікстан, Түркіменстан және Иран аумағында да қыстап қалған.
Бұл ретте зоологтар Үндістан аумағындағы қоқыс алаңдары, оларға мал өлекселерімен бірге тасталатын дәрі-дәрмек қалдықтары құстар үшін үлкен қауіп төндіретінін және оның түрлі аурудың таралуына әкелуі мүмкін екеніне алаңдаулы. Мәселен, Асу есімді тазқара құсы Қазақстаннан ұшып, Үндістан аумағында өлген. Алдын ала болжам бойынша, оған ветеринариялық препараттардан улану себеп болған.
Мұндай улы дәрі-дәрмектер малдың өлексесі арқылы жыртқыш құстардың ағзасына түсіп, әлем бойынша күшік популяциясының күрт азаюының негізгі себептерінің біріне айналып отыр. Мамандардың пікірінше, Асуға қатысты жағдай қоныс аударатын құстарды қорғау шараларын бір елдің аумағымен шектеуге болмайтынын көрсеткен.
Қара сайрақ Қазақстанда 2026 жыл құсы болып белгіленді
"Бүркіттерді сақтайық" жобасының аясында жыртқыш құстар табиғат аясына ұшырылды