Тікелей эфир

Ұлттық комиссия құрамы жаңарды. Енді әйелдер мүддесін кімдер қорғайды

Комиссия құрамында сенат және мәжіліс депутаттары, қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер, ректорлар, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері бар.

ҚР президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамы жаңарды. Комиссия төрағасы болып мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бекітілді. 

Комиссия құрамында парламент сенаты мен мәжілісінің депутаттары, қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер, ректорлар, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері бар. Олар:

  • Жұлдызай Ысқақова – парламент сенаты төрағасының кеңесшісі, саясаттанушы, төрағаның орынбасары;
  • Лаззат Рамазанова – қоғам қайраткері, төрағаның орынбасары;
  • Ләззат Сүлеймен – ҚР президентінің іс басқармасы жанындағы "Парламентаризм институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары, төрағаның орынбасары;
  • Елена Тарасенко – қоғам қайраткері, төрағаның орынбасары;
  • Қарақат Әбден – парламент мәжілісінің депутаты;
  • Бибігүл Ағыбаева – еңбек және кәсіподақ құқығы саласындағы сарапшы, Academy of labour relations бас директоры;
  • Тілектес Адамбеков – парламент мәжілісінің депутаты;
  • Альфия Адиева – Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры;
  • Алина Әбдірахманова – International Business School ЖШС директоры;
  • Зульфия Байсақова – "Дағдарыс орталықтары одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы;
  • Гурина Марианна – "Ұлағатты жанұя" қоғамдық қорының президенті;
  • Назым Жанғазинова – медиакоммуникация саласындағы сарапшы, NazymPR бутигінің негізін қалаушы;
  • Баян Жандосова – "Қазақстан әйелдерінің республикалық кеңесі" қоғамдық бірлестігінің филиалы – Шымкент қалалық әйелдер кеңесі" қоғамдық бірлестігінің төрағасы;
  • Айнұр Жүгінісова – кәсіпкер, продюсер, "Қазақ аналары - дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы;
  • Ренат Зұлқайыров – ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары;
  • Снежанна Имашева – парламент мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы;
  • Эльмира Кәрімова – "Самұрық-Қазына" АҚ адам ресурстарын басқару департаментінің директоры;
  • Шолпан Қаринова – "AMANAT" партиясының хатшысы, партияның әйелдер қанатының төрағасы;
  • Раушан Қажыбаева – "Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені" коммерциялық емес акционерлік қоғамының бас директоры;
  • Ләззат Қалтаева – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты;
  • Гүлмира Қанай – "Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы - ректоры;
  • Лаура Қарабасова – "Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының ректоры;
  • Тоғжан Қожалы – қоғам қайраткері, "HAQ" қайырымдылық қорының негізін қалаушы;
  • Ләззат Қожахметова – "Talbesik" көпбалалы аналар одағы" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі;
  • Татьяна Миронюк – "Ұлттық волонтерлік желі" заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры;
  • Рыиза Молдашева – "Семей таңы газеттері - Вести Семей" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры - бас редакторы;
  • Айман Омарова – адвокат, құқық қорғаушы, "AU" онлайн-құқық мектебінің негізін қалаушы;
  • Гүлнар Омарова – "Senimen Bolashaq" республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының кеңесшісі;
  • Елена Семидоцких – кәсіпкер, "Қазақстанның орыс, славян және қазақ ұйымдары қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі филиалы төрағасының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясы Солтүстік Қазақстан облысы Аналар кеңесінің мүшесі;
  • Гаухар Тасбергенова – "Рухани қазына" қоғамдық қорының басшысы;
  • Муслим Хасенов – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы Жас сарапшылар клубының мүшесі, құқықтық мәселелер жөніндегі халықаралық сарапшы;
  • Нәзипа Шанаи – Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің төрағасы;
  • Әзиза Шөжеева – кәсіпкер, "Techno Woman" коммерциялық емес ұйымының президенті, "Цифрлық трансформация" қоғамдық қорының жетекшісі. 

Оқи отырыңыз: Отбасы мәселелері бойынша 12 зерттеу ұйымы Ұлттық консорциумға бірікті


 

Серіктестер жаңалықтары