Тікелей эфир

Ұлттық бірыңғай тестілеу сынақтарының базасы жаңарды

Тесті онлайн форматта орталықтың сайтында тапсыруға болады.

Ұлттық тестілеу орталығы тегін байқау сынақтарының базасын жаңартты. Тестілеу онлайн форматта орталықтың сайтында жүзеге асырылады. Ол үшін тестіленушілерге тек ЖСН теріп, бейіндік пәндердің комбинациясын таңдап, байқау сынағына кірісу қажет, деп хабарлады орталықтың баспасөз қызметі.

"Оқу жылының басынан бастап тегін онлайн тестілеу 1,5 млн рет тапсырылған. Бұл жаттығу тестін біз қазан айында іске қосып, желтоқсанда сұрақтар базасын жаңартқан болатынбыз. Осы жолы балалардың маңызды емтиханға дайындығын жақсарту үшін тағы да бірнеше нұсқа қосу туралы шешім қабылдадық", – деді ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.


Оқи отырыңыз:


Еске салайық, негізгі ҰБТ-ға қатысу туралы өтініш 14 мамырға дейін қабылданады. Тестілеу 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өтеді. Талапкерлер ҰБТ-ны 2 рет тапсырып, ең жақсы нәтижемен грант конкурсына қатыса алады.

"Білім беру орталықтарымен бірлесіп, тегін онлайн сабақтарды жалғастырдық. Ал оқу жылының басында ҰТО сайтында тест тапсырмалары құрастырылған әдебиеттер тізімі мен тест жоспары; "Қазақстан тарихы" және "Дүниежүзі тарихы" пәндері бойынша 100 тарихи дата тізімі; "Информатика" пәнінен терминдер тізімі; "Қазақ әдебиеті" және "Орыс әдебиеті" бойынша әдеби шығармалар тізімі жарияланды. Дайындық сапасын жақсарту үшін осы және басқа да қабылданған шаралар түлектерімізге тестілеуде жоғары нәтиже көрсетуге көмектеседі деп үміттенеміз", – деді Руслан Емелбаев.

Серіктестер жаңалықтары