Тікелей эфир

Ұлттық тестілеу орталығы қандастар қалай ҰБТ тапсыратынын түсіндірді

Тест офлайн форматта Қазақстанда өтеді.

Ұлттық тестілеу орталығы қандастар Қазақстандағы ҰБТ-ға қалай қатыса алатынын түсіндірді

Орталық мәліметіне сүйенсек, қандастар да қазақстандық жоғары оқу орындарына оқуға түсу үшін ҰБТ-ны жылына 4 рет тапсыра алады. Оның ішінде наурыз және тамыз айындағы ҰБТ – ақылы бөлімге түсу үшін, ал мамыр-маусым айындағы ҰБТ білім грантының конкурсына қатысуға арналған. Тест офлайн форматта Қазақстанда өтеді.

2023 жылғы негізгі ҰБТ-ға тіркелу 28 сәуірде басталды. 28 сәуір мен 6 мамыр аралығында – бірінші мүмкіндікке, 7-14 мамыр аралығында екінші мүмкіндікке тіркелуге болады.

ҰБТ-ға қатысуға өтініш беру үшін:

  • ЖСН-ы бар қандастар оны жазып, іздеу батырмасын басады (тегі, аты және әкесінің аты автоматты түрде шығады) және байланыс телефоны нөмірін көрсетеді;
  • ЖСН-ы жоқ қандастар тестілеуге тіркелу үшін "ҚР ЖСН-ы жоқ" батырмасын таңдап, барлық мәліметті енгізеді (толық аты-жөнін кириллицамен жазып, ұлты, азаматтығы, туған күні, құжат нөмірі, байланыс телефонын көрсетеді).
  • Әрі қарай "Сақтау" батырмасын басады, осы іс-әрекеттер орындалған соң ҰБТ-ға тіркелу үшін 12 сандық код тағайындалады. 

Оқи отырыңыз: 3-6 мамырдағы ҰБТ-ға тегін дайындық сабақтар кестесі


Тестілеуге өтініш беру үшін:

"Жеке кабинетке" кіріп, "Өтініш беру" бөлімінде:

  • 2023 жылғы мектеп түлектері немесе толық оқыту мерзіміне түсуді көздейтін колледж түлектері "Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдар (толық оқыту мерзімі үшін)" тетігін;
  • Ал қысқартылған оқыту мерзімін көздейтін білім беру бағдарламаларына түскісі келетін колледж түлектері "Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдар (қысқартылған оқыту мерзімі үшін)" санатын таңдайды.
  • Қабылданған өтініштің мәртебесін "Менің іс-әрекетім" бөлімінен көруге болады.

Егер талапкер 18 жасқа толмаған болса, тіркелу барысында ата-анасы немесе заңды өкілдерінің аты-жөні мен телефон нөмірін көрсету қажет.

Серіктестер жаңалықтары