Мұндай қолдау балаларға арналған және отбасымен көретін фильмдерді дубляждауға көрсетіледі.
Мәдениет және спорт министрлігі Ұлттық киноны қолдау орталығының қызметіне бірқатар өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Өзгерістер жобасы Ашық НҚА порталында қоғам талқысына ұсынылды.
Жобаға сәйкес, енді ұлттық орталық Қазақстан аумағына əкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждауды қаржыландыруды жүзеге асырады.
Сондай-ақ, ұлттық орталықтан қолдау алатын кино түсірушілердің үлес салмағы да айқындалды. Атап айтқанда, Ұлттық киноны қолдау орталығы бөлетін қаржының жалпы мөлшерінің 35 пайызы мемлекеттік мекемелерге беріледі. Бұл ретте қаражат ұлттық фильмдер мен ұлттық фильм деп танылуға үмітті фильмдерді қаржыландыру үшін ғана жұмсалады.
Оқи отырыңыз:
- Қарызға батқан қазақ: "От" фильмінің айтар ойы қандай?
- Режиссер Дархан Төлегенов: Кино – иррационал өнер, екі элементті қосқанда не шығарын білмейсің
Қаржы алатын киножобаларды Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының жанындағы сараптама кеңесі айқындайды. Қаулы жобасындағы өзгерістерге сәйкес, кеңес құрамы толықтай жаңарады. Кеңеске мүше болуға келесі тұлғалар ұсынылған:
- Ләззат Жүнісова – "Хабар" агенттігі" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары;
- Әубәкір Сүлеев – Қазақ ұлттық өнер университетінің Кино және ТВ факультетінің деканы;
- Кәрім Қадырбаев – киносыншы.
Бұрын сараптама кеңесіне мүше болған Дүнгенбаева Салтанат, Смағұл Елубай және Ләззат Танысбай өз қалауымен кеңестен шығу жөнінде шешім қабылдаған.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Үкімет заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару туралы заң жобасын қарады
-
433
-
0
-
5
-
-
2Қазақстанда жаңа туған балаға бірінші ID-код, кейін ЖСН беріледі
-
419
-
0
-
4
-
-
328 қаңтарда Қазақстан әйелдері онкогинеколог тексеруінен тегін өте алады
-
396
-
0
-
4
-
-
4Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз крипто айырбастау пунктерін анықтады
-
396
-
0
-
0
-
-
5Қазақстанда балалар үйінен асырап алған сәбилерді кері қайтару жиіледі
-
407
-
0
-
0
-
-
6Ғылым министрі қандай жағдайда екі университетте қатар оқуға болатынын түсіндірді
-
397
-
0
-
1
-
-
7Оқушылар қорытынды емтиханды ерте тапсыра ала ма?
-
397
-
0
-
3
-
-
8Былтыр Қазақстанда 518 мың тоннадан астам нан пісірілген
-
383
-
0
-
0
-
-
9Тығылмақ ойнаймын деп өзге елден бір-ақ шыққан
-
382
-
1
-
2
-
-
102023 жылы Artsport бағдарламасымен 560 мыңнан астам бала мен жасөспірім қамтылады
-
374
-
2
-
1
-