Украина мен АҚШ пайдалы қазбалар туралы келісім бойынша меморандумға қол қойды

Фото: Юлия Свириденконың Facebook парақшасы
Фото: Юлия Свириденконың Facebook парақшасы
Украинаны қайта құру үшін Инвестициялық қор құрылады.

Украина мен АҚШ пайдалы қазбалар туралы келісім бойынша меморандумға қол қойып, екі ел арасындағы экономикалық серіктестікке жаңа қадам жасады. Бұл туралы Украинаның бірінші вице-премьері Юлия Свириденко Facebook желісінде жазып хабарлады. 

"Украинаны қайта құру үшін Инвестициялық қор құруға дайындалып жатырмыз. Бұл келісім ауқымды инвестицияларға, инфрақұрылымды жаңғыртуға және Украина мен АҚШ арасында өзара тиімді серіктестікке жол ашады. Сондықтан, тараптар осы құжат бойынша жұмыс істеп жатыр. Америка халқының украиналықтармен бірге еркін, егемен және қауіпсіз Украинаны құруға ұмтылысын біздің келісімдер арқылы тағы бір растауымыз маңызды", – деп жазды Юлия Свириденко.

Оның сөзінше, алда келісімнің мәтінін жетілдіру және оған қол қою міндеттері тұр. Одан әрі құжатты парламенттер ратификациялауы тиіс. 


Оқи отырыңыз: Что произошло в Украине к утру 18 апреля


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз