Тікелей эфир

ҰБТ-ға репетиторсыз қалай дайындалуға болады?

Тестілеу орталығының сайтында ұсынылатын оқулықтар тізімі бар.

Ұлттық тестілеу орталығы қазақстандық оқушыларға ҰБТ-ға дайындықты қалай жақсартуға болатынын айтып берді.

Ұлттық тестілеу орталығы оқу жылының басында өз сайтында тестілеу сұрақтарын әзірлеуге ұсынылатын оқулықтар тізімін, тест тапсырмаларының үлгілерін, техникалық шарттарды және тестілеу жоспарын орналастырды.

"Бірнеше жыл қатарынан Тарих институтымен бірлесе отырып, "Қазақстан тарихы" және "Дүниежүзі тарихы" пәндері бойынша 100 датаны бекіттік, олар сайтта да жарияланады. Тарихтағы даталарға қатысты барлық сұрақтар тек осы тізім бойынша келеді. Сонымен қатар, Ұлттық тестілеу орталығындағы сайтта "Қазақ әдебиеті" және "Орыс әдебиеті" пәндері бойынша (мектеп оқу бағдарламасынан) шығармалар тізімі бар", – деп жазылған хабарламада.

Олар ҰБТ алдында онлайн тесттен өтуге болатынын атап өтті


Оқи отырыңыз: Ұлттық бірыңғай тестілеу сынақтарының базасы жаңарды


"Сынақ тестілеуден өту кезінде талапкер тест тапсырмаларымен танысып, таңдалған пәндер бойынша өзінің білім деңгейін тексеруге мүмкіндік алады. Бұл балалардың дайындықтарын жақсартуға көмектеседі деп ойлаймын", – деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Серіктестер жаңалықтары