Тікелей эфир

ҰБТ бейіндік пәндер тізбесіне информатика енгізілді

Информатика пәні бойынша талапкерлерге барлығы 35 тест тапсырмасы беріледі.

Ұлттық тестілеу орталығының хабарлауынша, ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына енгізілген өзгерістерге сәйкес, информатика бейіндік пәнін ҰБТ-ға келесі білім беру бағдарламаларының тобын таңдайтын жоғары оқу орындарына түсушілер тапсыратын болады:

  • В011 "Информатика мұғалімдерін даярлау";
  • В057 "Ақпараттық технологиялар";
  • В058 "Ақпараттық қауіпсіздік".

Оқи отырыңыз:


Информатика пәні бойынша талапкерлерге барлығы 35 тест тапсырмасы беріледі. Оның ішінде бір дұрыс жауапты таңдаумен 20 тест тапсырмасы, тәжірибелік тапсырма түрінде берілген контекст негізіндегі бір дұрыс жауапты таңдауға арналған 5 тапсырма, бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдаумен 10 тест тапсырмасы болады.Информатика пәні бойынша барлық тапсырмаларға дұрыс жауап бергенде максималды 45 балл алады.

Жоғары оқу орнына түсушілер Информатика бойынша тест тапсырмалары жалпы орта білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағытының үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес әзірленді.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары