ҰБТ 2024: Қазақстанда негізгі тестілеуге өтініш қабылдау басталды

ҰБТ 16 мамыр – 5 шілде аралығында өтеді.

Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды, ол мамырға дейін жалғасады, деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.

Негізгі ҰБТ 16 мамырда басталып, 5 шілдеге дейін жалғасады. Ал төтенше жағдай режимі жарияланған 6 өңірде (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары) тіркелу уақыты ұзартылады және 6-20 мамыр аралығында, ҰБТ 25 мамыр мен 12 шілде аралығында өтеді.  

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің шешімі бойынша 2024 жылы талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең үздік нәтижемен грант конкурсына қатыса алады. 

ҰБТ-ға қатысу үшін Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайты немесе UTO қосымшасы арқылы тіркелуге болады. Талапкерлер тестілеу күнін, уақытын және пунктін өздері таңдайды. Бұл ретте олар екі мүмкіндік үшін бейіндік пәндердің бір ғана комбинациясын белгілейді. 


Оқи отырыңыз: ҰБТ 2024: Шығармашылық емтиханына қатысатындар қалай тест тапсырады



 

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз