Олар ҰБТ сынағына тек Қазақстан тарихы мен Оқу сауаттылығы бойынша қатысады.
Ұлттық тестілеу орталығы Шығармашылық ҰБТ бойынша түсініктеме берді.
Орталықтың хабарлауынша, шығармашылық мамандықтарға түсетін талапкерлер ҰБТ-ны 2 пәннен тапсырады. Олар: Қазақстан тарихы және Оқу сауаттылығы.
Сондай-ақ ҰБТ-ны 5 пәннен тапсырып, шығармашылық бағытты таңдауға мүмкіндік бар.
- Қазақстан тарихы – 20 сұрақ, шекті балл – 5;
- Оқу сауаттылығы – 10 сұрақ, шекті балл – 3.
Тестілеу ұзақтығы – 70 минут.
Оқи отырыңыз: 6 мамырда негізгі ҰБТ-ға тіркелу басталады. Тест тапсырушылар не білу керек
Шығармашылық дайындықты талап ететін, қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламаларының ұқсас бағыттарына оқуға түсуші колледж түлектері үшін ҰБТ арнайы пән бойынша өткізіледі.
- Тест тапсырмалар саны – 40 (көп жауаптың ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар).
- Тестілеуге 80 минут уақыт беріледі.
Ал шығармашылық емтихан ЖОО қабырғасында өткізіледі.