Прямой эфир Новости спорта

Түркістанда полицейлер 86 жастағы әжейге жаңа төлқұжат табыстады

Ханым Далбаеваның бүгінде 27 немере, сегіз шөбересі бар.

Polisia.kz Түркістан полицейлерінің 86 жастағы әже Ханым Далбаеваның төлқұжатын жаңартып бергенін хабарлады.

Көші-қон полициясына Төлеби ауданы Алғабас ауылының тұрғыны хабарласып, 86 жастағы анасы Ханым Далбаеваның төлқұжатының жарамдылық мерзімі өткенін айтып, көмек сұраған. Хабар алысымен полицейлер халыққа қызмет көрсету  орталығының қызметкерлерімен дереу хабарласып, қарт әжейдің құжаттарын тез арада рәсімдеп берді. Төлебилік көші-қон полиция қызметкерлері кейуанамыздың үйіне барып, жаңа төлқұжатын табыс етті.

Фото: Polisia.kz

Қазіргі таңда 86-ға келген Ханым Далбаева үш ұл, жеті қыз өсіріп, одан 27 немере, сегіз шөбере сүйіп отыр.

Төлеби АПБ-ның полиция қызметкерлері құжаттандыру жұмыстарына көбірек көңіл бөледі. Осыған орай арнайы мобильді топ құрылып, аудан көлемінде қарт кісілер мен денсаулығы нашар азаматтардың құжаттануын  қадағалау мақсатында жиі тексеріс жүргізеді.


Оқи отырыңыз: 


 

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар

Серіктестер жаңалықтары