Түркістан облысында Баба Түкті Шашты Әзіз кесенесі жаңғыртылды

Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Кесене XVIII ғасырдан бастау алатын тарихи-мәдени мұра нысаны саналады.

Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзіз кесенесі толық жаңғыртудан өтіп, пайдалануға берілді. Жаңғырту жұмыстарына 330 млн теңге қаржы жұмсалған. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Салтанатты шараға зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен тұрғындар қатысты. Қонақтар кесенені аралап, атқарылған жұмыстармен танысты. Ауыл ақсақалдары ақ баталарын беріп, елдің амандығы мен бірлігін тіледі.

Құмкент ауылынан оңтүстікке қарай үш шақырым жерде орналасқан Баба Түкті Шашты Әзіз кесенесі XVIII ғасырдан бастау алатын тарихи-мәдени мұра нысаны саналады. Ол "Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы" жобасы аясындағы 100 ұлттық қасиетті нысанның қатарына енген.

Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жоба аясында кесенемен қатар қонақүй, асхана және кесене қараушысының үйі жөнделіп, зияратшыларға қолайлы жағдай жасалды. Қалпына келтіру жұмыстары ғылыми-реставрациялық құжаттама негізінде жүргізілді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау