Ясауи кесенесі қабырғаларының тұздану себептерін зерттеу 2026 жылы аяқталады

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Оның себептерін еліміздің ғылыми-зерттеу институттары бірлесіп анықтап жатыр.

Қазіргі таңда 600 жылдан астам уақыт сақталып келе жатқан Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бірқатар бөлмелеріндегі құздану, ылғалдану және тұздану процестерінің жылдам жүруіне байланысты оның себептерін зерттеу жұмыстары басталған.

Бұл туралы "Әзірет Сұлтан" ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Нұрлан Дүкенбаевтың бірқатар қоғам өкіліне берген жауабында айтылған. Бұл ресми жауапты muzbalaq.kz ақпарат агенттігінің бас редакторы Базаркүл Қалбыр жариялады. 

"Үш жылға жоспарланған жан-жақты зерттеу жұмыстары 2023 жылы басталды. Осы жұмыстарды үйлестіруші ретінде Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты "Қазқайтажаңарту" РМК бекітілген. Жоспарға сәйкес, кесене қабырғаларындағы тұздану, құздану себептері, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарының кесенеге зардабы бар-жоғы анықталады", – делінген Нұрлан Дүкенбаевтың жауабында. 

Еске салайық, түркістандық ғалымдар кесененің қабырғаларының тұздануына табиғидан бөлек, адам факторы да себеп болып отырғанын айтқан болатын. 

Серіктестер жаңалықтары