Тікелей эфир

Түркі мемлекеттерінің желілік университеті құрылады

Вице-министр бастаманы Түркі университеттерінің одағы аясында жүзеге асыруға шақырды.

Түркі мемлекеттері кеңесінің желілік университетін құру ұсынылды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев Түркі университеттері одағының VІ бас ассамблеясында айтты.

"Түркі мемлекеттері кеңесінің саммитінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев академиялық ұтқырлықты дамыту және студенттер арасындағы мәдениетаралық диалогты нығайту үшін жағдай жасау қажет деп атап өтті. Осы мақсатта ШЫҰ және ТМД желілік университеттері үлгісінде, егер Түркі мемлекеттері кеңесі желілік университетін құратын болсақ, бұл түркі елдерінің азаматтарына толыққанды түркі мемлекеттерінде оқуға мүмкіндігін ашатын болады», – деді вице-министр.

Вице-министр бастаманы Түркі университеттерінің одағы аясында жүзеге асыруға шақырды.


Оқи отырыңыз:


Айта кетейік,Түркі мемлекеттері кеңесі Түркі университеттері одағының VІ Бас ассамблеясына Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Мажарстан елдерінен 50 университет басшысы, ғалымдар мен студенттер, сондай-ақ халықаралық ұйым өкілдері, дипломаттар, сарапшылар, қоғам және мәдениет қайраткерлері қатысты.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары