Тұрғын үй кезегіндегілер баспананы өздері таңдай алады. Жаңа тәртіп қашан басталады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
1 қыркүйектен бастап кезекте тұрғандар баспананы өздері таңдай алады.

31 тамыздан бастап тұрғын үйге мұқтаж азаматтар өздері тұратын ауданнан қолайлы баспананы таңдап, оны алуға өтінім бере алады. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі хабарлады.

Жаңа тетік мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жергілікті атқарушы органдар салған немесе сатып алған тұрғын үйлерге қатысты. Алғашқы өтінімдер 1-7 қыркүйек аралығында baspana.otbasybank.kz порталы арқылы қабылданады. Өтінімді тиісті ауданда тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтар электронды цифрлық қолтаңба арқылы бере алады.

"Өтінім қабылдау аяқталған соң Отбасы банк тұрғын үй алушылардың тізімін жасайды. Баспана бөлу кезінде бірнеше фактор ескеріледі. Олардың қатарында азаматтың тұрғын үй кезегіне қойылған күні, отбасының соңғы алты айдағы табыс деңгейі мен құрамы және өтініш берушінің әлеуметтік мәртебесі бар. Мемлекеттік тұрғын үйдің кемінде 20%-ы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, ал кемінде 50%-ы әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға беріледі", – делінген хабарламада.

Министрлік тағы бір өзгеріс 14 қыркүйектен бастап күшіне енетінін хабарлады.

Жаңа тәртіп бойынша үй немесе пәтердегі бөлме саны отбасы құрамына қарай анықталады. Атап айтқанда, ерлі-зайыптыларға, ата-аналарға және әртүрлі жыныстағы балаларға жеке бөлме беру талаптары қарастырылған. Бұл тәртіп тұрақты негізде қолданылмақ.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау