"Транстелеком" арқылы 4 млрд теңге ұрлаған қазақстандықтың Грузияға қашып кеткені анықталды, деп хабарлайды Бас прокуратура.
Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері, Қазақстанның Грузиядағы елшілігінің қолдауымен сеніп тапсырылған қаражатты ұрлағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Грузиядан Қазақстан азаматын экстрадицияланды.
"Тергеу барысында аталған тұлға компания басшысы бола отырып, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, ақша ұрлау мақсатында мемлекеттік сатып алу нормасын қолданбай, спутниктік және телекоммуникациялық жабдықты жалға алудың заңсыз шартын жасағаны анықталды. Қылмыстық іс-әрекеттің нәтижесінде "Транстелеком" АҚ арқылы мемлекетке 4 миллиард теңгеден астам шығын келген", – делінген хабарламада.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынған, осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланған. Осы жылдың наурыз айында ол Грузия аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.
"Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Айып тағылған қылмыстар үшін қылмыстық заңнамада мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген", – делінген бас прокуратураның хабарламасында.
USD:
469.9 / 472.9
EUR:
552.5 / 557.5
RUB:
6.01 / 6.13