USD: 473.1 / 477.1
  • EUR: 538.5 / 543.5
  • RUB: 5.67 / 5.79
Тікелей эфир
Алматы +29C
Все города

Тоқаев қазақ-британ ынтымақтастығын дамыту жөнінде тапсырма жүктеді

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Президент жаңа елшіге бірқатар тапсырма берді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі жаңадан тағайындалған Төтенше және өкілетті елші Әлібек Бақаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-британ көпжоспарлы ынтымақтастығын одан әрі дамытуға қатысты негізгі міндеттерді айқындады.

Президент Қазақстан мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі арасындағы Стратегиялық серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімді тиімді жүзеге асыруға ерекше назар аударды.

Мемлекет басшысы саяси диалогты жандандыруды, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуді тапсырды. Сонымен қатар энергетика, көлік, инновация және білім беру салаларындағы бірлескен жобаларды ілгерілету үшін күш-жігерді жұмылдыру қажеттігін атап өтті.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау