Тікелей эфир

Тоқаев экология министрі Серікқали Брекешовке сөгіс жариялады

Министр Серікқали Брекешев Қазақстанда киіктердің оңтайлы саны 560-770 мың болуы керек екенін айтқан еді.

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевке киіктерді ату туралы шешімі үшін сөгіс жариялады. 

Президент киіктердің санын азайтуды қолдаған экология министрінің әрекетін сынға алды. 

"Министрге киіктердің көбею тағдыры жөнінде талқы ұйымдастырғаны үшін сөгіс жариялаймын. Мәселені қоғамдық талқылаудың мұндай деңгейіне жеткізудің не қажеті бар? Бұл мәселеге кәсіби тұрғыда ұлттық менталитетті ескере отырып келу керек. Киіктер қазақ үшін қасиетті жануар, ал табиғаттан 80 мың киікті жою, яғни өлтіру туралы ұсыныс енгізіліп отыр. Басқа да тәсілдер жеткілікті ғой. Мамандармен ақылдасыңыздар, бұл ең шекті шара емес пе?" – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Министр Серікқали Брекешев киіктердің республика бойынша оңтайлы саны 560-770 мың болуы керек екенін айтқан еді. 


Оқи отырыңыз: Тәуелсіз экошолушы: Киіктерді атуға мораторийді 2025 жылға дейін созу керек


Еске салсақ, жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғауды ұйымдастыру, нақтылап айтсақ, киіктерді пайдалануды 2023 жылға дейін тыйым салудың нәтижесінде олардың жыл сайынғы орта саны 40 пайызға артып отырды. 2017 жылғы есеп бойынша киік басы 152 мың болса, 2022 жылы олардың саны 1,3 миллионға жетті. 

Серіктестер жаңалықтары