Комитет бұйрық жобасын пысықтау үшін оны ашық НҚА-дан қайтарып алды.
Киіктер бойынша бұйрық жобасы қайтарылды, деп хабарлады Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.
Жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғауды ұйымдастыру, нақтылап айтсақ, киіктерді пайдалануды 2023 жылға дейін тыйым салудың нәтижесінде олардың жыл сайынғы орта саны 40 пайызға артып отырды. 2017 жылғы есеп бойынша киік басы 152 мың болса, 2022 жылы олардың саны 1,3 миллионға жетті. Дегенмен, бұл жануарлардың республика бойынша оңтайлы саны 560-770 мың болуы керек.
"Әсіресе Батыс Қазақстан облысына ерекше назар аудару қажет – онда киіктердің саны 801 мың басты құрайды. Бұл өңірде жайылымдар мен суаттар үшін ауыл шаруашылығы жануарларымен киіктердің бәсекелестігі арта түскен. Сонымен қатар, киіктер Батыс Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарында егістіктерге де зиян келтіруде. Қазір 2015 жылғы пастереллёз індетінің қайталану қаупі бар. Сол жылы 150 мың киік (бүкіл популяцияның 80%) қырылып қалған еді. Осы орайда, киіктердің санын басқару мақсатында, ғылыми биологиялық негіздеме әзірленуде", – делінген хабарламада.
Оның қорытындысы бойынша киіктердің санын реттеу мәселесі бойынша шешім қабылданады.
Оқи отырыңыз: Тәуелсіз экошолушы: Киіктерді атуға мораторийді 2025 жылға дейін созу керек
ЭГТРМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті НҚА ашық деректер порталында киіктің дериватын жинауға бұйрық жобасын жариялады. Аталған бұйрық жобасы табиғи өліммен өлген киіктердің дериваттарын жинауға бағытталған.
"Алайда комитет бұйрықтың бұл жобасын пысықтау үшін оны Ашық НҚА-дан қайтарып алды", – деді министрліктегілер.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Алматыдағы «Шымбұлақ» тау шаңғы курорты Гиннес рекордтар кітабына кірді 🥳
-
360
-
0
-
11
-
-
2🗓 26-27 сәуір Қазақстан халқы Ассамблеясының XXХІI сессиясы өтеді
-
323
-
0
-
0
-
-
3💰Бала күтімімен отырған ата-ана үшін зейнетақы жарнасы бюджет есебінен төленеді
-
303
-
0
-
0
-
-
4🧩 Қазақстанда балаларға арналған 50 оқу-сауықтыру және 100 ірі ойын-сауық орталығы салынады
-
320
-
0
-
0
-
-
5🔎 Қазақстанда қылмыстық іс бойынша 2,5 мыңнан астам күдіктіге іздеу салынған
-
290
-
0
-
0
-
-
6Тоқаев аралас жекпе жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдады
-
282
-
0
-
9
-
-
7🔗 Биыл Қазақстанда пара беру 45%-ға өскен
-
259
-
0
-
3
-
-
8🗳 Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс сайлауының қорытындысын жариялады
-
297
-
0
-
3
-
-
9⚡️Мәжілісте 6 партияға қанша мандат берілді?
-
300
-
0
-
3
-
-
10Қазақстанда мұғалімдердің білімін бағалауға өтініш қабылдау басталды
-
283
-
0
-
0
-