Тоқаев Дүниежүзілік олимпиадада екінші мәрте ІІ орын алған шахматшы қыздарды құттықтады

Тоқаев Дүниежүзілік олимпиадада екінші мәрте ІІ орын алған шахматшы қыздарды құттықтады
Қазақстанның қыздар құрамасы турнирдің бірде-бір ойынында жеңілген жоқ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқандта өткен Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында екінші орын алған қазақтың шахматшы қыздарын құттықтады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияр хабарлады. 

"Отандастарымыз әлемдегі ең мықты, әйгілі команда – Қытай құрамасына ғана есе жіберіп, үлкен нәтиже көрсетті. Президент құттықтауында даңқты шахматшы Бибісара Асаубаева бастап барған Қазақстан құрамасы беделді турнирдің бірде-бір ойынында жеңілмегенін атап өтті. Мұны шахмат сарапшылары үлкен жетістік ретінде бағалап отыр", – деп жазды ол. 

Хабарламаға сәйкевс, Қасым-Жомарт Тоқаев шахмат шеберлерінің өткен олимпиададағы табысты жолын жалғастырғанына назар аударған. 

"Қазақстан командасы сол кезде де екінші орынға табан тіреген еді. Бұл спортшыларымыздың деңгейі биік, талантты, еңбекқор екенін, сондай-ақ отаншылдықты нақты іспен дәлелдей алатынын көрсетеді. Мемлекет басшысы шахматшы аруларымызға толайым табыс, зор денсаулық және бақ-береке тіледі", – деп жазды Айбек Смадияр. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау