Тікелей эфир

Тоқаев: Утиль алымы қайта қаралады, бірақ шектен шықпау керек

Президенттің сөзінше, утиль алымы бойынша барлық қаражат мемлекетке түседі.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев утиль алымы ставкалары төмендетілетінін айтты.

"Әлеуметтік желілерде қазақстандық автокөліктердің көп бөлігі дайын күйінде келетіні, дөңгелегін ғана айналдырып салса болды дегендей әңгімелер көп. Мұндай әсірелеудің не үшін екені түсінікті. Қандай жағдай болса да қаншалықты бұл шындыққа жанасатынын анықтап, шара қабылдау керек", – деді мемлекет басшысы.


Оқи отырыңыз:


Президент утиль алымы бойынша барлық қаражат мемлекетке түседі деген шешім қабылданғанын атап өтті. Енді ставкалардың мөлшерін анықтау керек.

"Жұмыс тобы бұл мәселені қызу талқылап жатыр. Бірден айтайын, утиль алымы қайта қаралады, бірақ шектен шығуға жол бермеу керек. Автоөнеркәсіпті дамытуға жұмсалған ақшаны желге шашып, импорттық авто қоқыстардан өз нарығымызды ашуға болмайды. Утиль және тіркеу алымы – қара бастың қамы емес. Бастысы, автокөлік пен ауыл шаруашылығы техникаларының қолжетімділігін арттыру. Өндірушілер мен дистрибьютерлерден тиісті жауап күтеміз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Серіктестер жаңалықтары