Тікелей эфир

Утиль алымының коэффициенттері қанша болуы керек?

Алым есебінен көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алушыларға ваучерлер беріледі.

Экология министрі Серікқали Брекешов кәдеге жарату төлемдерін реттеу мәселесін әлі де пысықтаймыз деді. Бұл туралы 31 арнадағы "Информбюро" бағдарламасы хабарлады.

Министрдің айтуынша, алдымен утиль алымды жинайтын мемлекеттік оператор құрылады және төлем коэффициенттері қайта қаралады.

"Бірінші, жеке мемлекеттік оператор немесе өнеркәсіпті дамыту қоры барысында құру керек. Кәдеге жарату алымы есебінен көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алушыларға ваучерлер беру қажет", – деді министр.

Серікқали Брекешов "Оператор РОП" компаниясына түскен қаржы мен оның қайда жұмсалғанына да тоқталды. Айтуынша, алты жылда "Оператор РОП-қа" 691,9 млрд теңге жиналған. Қаражаттың 339 млрд теңгесі отандық автокөлік өндірушілерге қайтарылған. Ал экологиялық мәселелерді шешуге 102 млрд теңге төленген. Салыққа 49,1 млрд теңге кеткен. Қалған ақша екінші деңгейлі банктерде тұр.


Оқи отырыңыз: Тоқаев: Утиль алымын жинаумен РОП операторы емес, мемлекеттік ұйым айналысуы тиіс


Сондай-ақ, Қазақстанда #НЕТУТИЛЛСБОРУ қоғамдық қозғалысы онлайн-петицияға қол жинап жатыр.

"Бұл монополист компания әлі күнге дейін ақша қаражаты туралы толық есеп берген жоқ, тек шығындар мен аударымдар туралы жазбаша жауап берді. "Оператор РОП" алған қаржының 77,412 млрд теңгесі қайда кетті деген сұрақ туындайды. Қазіргі уақытта утиль алымының мөлшерлемесі – 400 000-нан бастап 5 500 000 теңгеге дейін. Мысалы, Германияда – 100 еуроға, Нидерландыда 30 еуроға тең, ал Жапонияда кәдеге жарату алымының мөлшерлемесі Қазақстанға қарағанда 80 есе аз", – делінген петиция мәтінінде.

Олардың ҚР Президенті мен үкіметіне қойған талаптары:

  • 2016 жылдан бастап "Оператор РОП-қа" қатысты ақша қаражатының қозғалысына мұқият тергеу жүргізу;
  • Кәдеге жаратудың белгіленген мөлшерін дамыған елдердегідей 100 еуроға дейін түсіру.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары