Түркістан облысында той кезінде бұрынғы келінін ұрып-соққан қайын атаға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды 31-арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.
48 жастағы Шайырбек Хакимжанов "бұзақылық" бабы бойынша кінәлі деп танылып, бір жылға бостандығы шектелді. Үкім шығарғанда судья оның бұрын істі болмағанын және кінәсін мойындағанын ескерген.
"Хакимжанов Шайырбек ҚР ҚК 293-бабы 1-бөлігімен қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы баппен 1 жыл мерзімде бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалсын. Азаматтық талапкер Тұрдымұрадованың талап-арызы ішінара қанағаттандырылып, Шайырбек Хакимжанов Азода Тұрсынмурадованың пайдасына моральдық өтемақыға 800 мың теңге өндірілсін", – деді Төлеби аудандық сотының судьясы Ғани Байарыстан.
Оқи отырыңыз: Ата-аналардың шағымынан кейін 622 стоматологияда жалпы наркозбен тіс емдеуге қатысты тексеріс басталды
Еске салайық, Зағамбар ауылындағы тойда ән салып тұрған Азода Тұрсынмұрадоваға бұрынғы қайын атасы жұдырық ала жүгірген еді. Сахнада алған ауыр соққыдан кейін жас әнші жерге құлап, миы шайқалған. Бес жыл бұрын бұл отбасынан кеткен жәбірленуші бұрын да қайын атасы мен күйеуінен талай рет таяқ жегенін айтып, полицияға шағымданған.
USD:
503.1 / 506.1
EUR:
603.0 / 607.0
RUB:
6.49 / 6.61