Тікелей эфир

Тимур Сүлейменов Ұлттық банк басшысы болып тағайындалады

Бұл қызметті оған дейін Ғалымжан Пірматов атқарған еді.

Сенат Тимур Мұратұлы Сүлейменовтің Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы болып тағайындалуына келісім берді, деп хабарлады ҚР Парламент Сенатының баспасөз қызметі. 

"Палата отырысында мемлекет басшысының ұсынуын Президент әкімшілігінің басшысы Олжас Бектенов оқып берді. Айта кетейік, Конституцияға сәйкес ел Президентінің Ұлттық банк төрағасын тағайындауына келісім беру Сенаттың ерекше қарауына жатады", – делінген хабарламада. 


Оқи отырыңыз: 2024 жылдан бастап бірқатар әлеуметтік төлемдер 7 пайызға артады


Мемлекет басшысының жарлығымен ҚР Президентінің әкімшілігінде басқару құрылымының өзгеруіне байланысты Тимур Сүлейменов ҚР Президентінің әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары лауазымынан босатылған еді. 

Осыған дейін бұл қызметті Ғалымжан Пірматов атқарды. Ол мемлекет басшысының жарлығымен ҚР Ұлттық банкінің төрағасы лауазымынан босатылды.

Серіктестер жаңалықтары