USD: 473.1 / 477.1
  • EUR: 538.5 / 543.5
  • RUB: 5.65 / 5.77
Тікелей эфир
Алматы +30C
Все города

Тікелей эфирде әдепсіз әрекет жасаған 9 стример жауапқа тартылды

Видео скрині
Видео скрині
Сот шешімімен олардың бір бөлігіне айыппұл салынса, енді бір бөлігі әкімшілік қамауға алынған..

Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілерде тікелей эфир жүргізіп, қоғамдық тәртіпті бұзатын азаматтарға ескерту жасады.

Ведомство мәліметінше, лайк пен донат жинау мақсатында заң бұзған 9 стример әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ІІМ мәліметінше, құқық бұзушылар тікелей эфир кезінде былапыт сөздер айтып, қауіпті пранктер ұйымдастырған, әдепсіз әрекеттер жасап, қоғамдық тәртіпті бұзған. Сот шешімімен олардың бір бөлігіне айыппұл салынса, енді бір бөлігі әкімшілік қамауға алынған. Ведомство интернеттегі анонимділік заң алдындағы жауапкершіліктен босатпайтынын ескертті.

"ІІМ ескертеді: интернеттегі анонимділік жауапкершіліктен құтқармайды. Заң мен тәртіп цифрлық кеңістікте де қатаң сақталады", – делінген министрлік хабарламасында.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау