Теміртауда ата-анасын өлтірді деген күдікпен 20 жастағы ер адам ұсталды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Оның үстінен Қылмыстық кодекстің "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қарағанды облысының Теміртау қаласында ата-анасын өлтірді деген күдікпен 20 жастағы жігіт ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

7 қазанда Республика даңғылындағы пәтерлердің бірінен 52 жастағы ер адам мен 49 жастағы әйелдің мәйіті табылған.

Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері қаза тапқандардың 20 жастағы ұлын анықтап, қылмыс жасады деген күдікпен ұстады", – делінген полиция хабарламасында.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау