Таеквондодан Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Тамерлан Төлеулес Жапонияның Айчи-Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.
58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық спортшы финалда Филиппин өкілі К. Барбосамен кездесіп, жеңіске жетті.
Темірлан Төлеулес турнир барысында жоғары шеберлік танытып, шешуші жекпе-жекте жеңіске жету арқылы қазақстандық таеквондо мектебінің әлеуетін тағы бір мәрте көрсетті. Қазақстанда таеквондоны дамыту, спорт резервін даярлау және жас спортшылардың кәсіби өсуіне жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Ұлттық құраманы ірі халықаралық жарыстарға сапалы дайындау мен спортшылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде.
"Темірлан Төлеулестің жеңісі ұлттық құраманың жүлде қоржынын тағы бір алтын медальмен толықтырып, Қазақстанның құрлықтық додадағы маңызды нәтижелерінің біріне айналды", – делінген хабарламада.
Еске салайық, Айчи-Нагоядағы ХХ жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады.
Айбек Оралбай Қазақстанға Азия ойындарының бокстан екінші алтынын сыйлады
Боксшы Төрехан Сабырхан Азия ойындарында алтын медаль иеленді