Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Төрехан Сабырхан Айчи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстандық боксшы 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Финалда Төрехан Сабырхан Иордания өкілі З. Ишашпен кездесіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен 5:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.
Бұл – Қазақстанның бокстан Азия ойындарында соңғы 12 жылда жеңіп алған алғашқы алтын медалі.
Бұған дейін қазақстандық боксшылар 2014 жылы Инчхонда өткен Азия ойындарында чемпион атанған болатын. 2018 жылы Джакартада және 2022 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарында Қазақстан құрамасы бокстан алтын медаль иелене алмады.
Азия ойындарының финалында қазақстандық екі боксшы ғана рингке шығады
Азия ойындары: қазақстандық боксшылардың бесеуі ғана жартылай финалға өтті