Айбек Оралбай Қазақстанға Азия ойындарының бокстан екінші алтынын сыйлады

Фото интернеттегі ашық дереккөзден алынды
Фото интернеттегі ашық дереккөзден алынды
Бірінші алтын медальді бүгін Төрехан Сабырхан иеленген болатын.

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Айбек Оралбай Жапонияның Айчи-Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлады туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі. 

Финалдық жекпе-жекте қазақстандық боксшы Өзбекстан өкілі Жахонгир Зокировпен кездесіп, жекпе-жек қорытындысы бойынша алтын медаль жеңіп алды. Бұл – Қазақстан құрамасының қазіргі Азия ойындарындағы бокстан екінші алтын жүлдесі. 

Бұған дейін 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Төрехан Сабырхан чемпион атанған болатын. Ол финалда Иордания өкілі Зейад Ишашты 5:0 есебімен жеңді. 

«Айбек Оралбайдың жеңісі Қазақстан боксшыларының құрлықтың басты додасындағы табысты өнерін жалғастырды. Ұлттық құрама дәстүрлі түрде Азиядағы жетекші бокс командаларының қатарында. Соңғы жылдары елімізде бұл спорт түрін дамытуға бағытталған жұмыстар жаңа серпін алды», – делінген хабарламада. 

Еске салайық, Айчи-Нагоядағы ХХ жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау