Рейд кезінде жиырмадан астам адам жауапкершілікке тартылды.
Алматыдағы тексеріс кезінде мамандар таулы жерде от жағудың 39 жағдайын алдын алды. Сондай-ақ, таулы-орманды жерлерде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 21 адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
"Рейд барысында табиғат аясында демалушыларға 10 мыңға жуық жадынама таратылды. Мұнымен қатар, 21 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, екеуіне 76 575 теңге көлемінде айыппұл салынды", – делінген хабарламада.
Орман шаруашылығы мекемелері мен табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері қорғалған аумақтарда от жаққандарға 30 мыңнан 306 300 теңгеге дейін айыппұл сала алады.
Оқи отырыңыз: Алматы облысында 3 млн теңгеге егілген ағаштар қурап қалды
"Демалушылардан тұтанған темекіні құрғақ шөпке тастамау, от жақпау және ашық отты пайдаланбауды, шыны сынықтарын және басқа да қоқыстарды қалдырмауды сұраймыз. Сонымен қатар, Медеу ауданындағы Медеу табиғи паркінде және Наурызбай ауданындағы Ақсай шатқалында от жағуға болмайды", – деп ескертті мамандар.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📣 29 наурыз мемлекет басшысы VIII сайланған парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйлейді
-
273
-
1
-
3
-
-
2🔗 Алматыда «Qnet» қаржы пирамидасын басқаруға қатысты күдікті ұсталды
-
264
-
0
-
0
-
-
3⚽️ Қазақстан футболшылары Еуропа-2024 чемпионатының іріктеуіндегі жеңісі үшін қаржылай сыйақы алады
-
244
-
0
-
3
-
-
4✍️Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды:
-
227
-
0
-
0
-
-
5⚡️ «Ауыл» партиясынан мәжіліске өткен депутаттар
-
228
-
0
-
0
-
-
6⚡️«AMANAT» партиясынан мәжіліске 40 депутат өтті
-
227
-
0
-
0
-
-
7Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан мәжіліске 4 депутат өтті:
-
217
-
0
-
0
-
-
8Respublica партиясынан мәжіліске 6 адам барады:
-
211
-
0
-
0
-
-
9Қазақстан халық партиясы:
-
211
-
0
-
0
-
-
10АҚШ-тағы мектептің бірінде атыс болып, 6 адам қаза тапты
-
218
-
0
-
0
-