Тұрғындар бұл жолы да газ тарту ұзаққа созылады деп алаңдайды.
Тараз тұрғындары екі жыл бұрын газ кіргізу үшін 22 миллион теңге жинап беріп, әлі күнге дейін көгілдір отынға қол жеткізбегенін айтады. Олар мұндай қадамға мемлекеттік бағдарлама бойынша газ кіргізу ұзаққа созылып кеткені үшін барған, деп хабарлайды 31 арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.
"Биыл "Көмір алмай-ақ қояйық па?" дегенде "Алмаңдар, газ жағасыңдар" деді. Бірақ жігіттер газ қондырғысын жасап қойды. Газға сеніп пеш қойып, 400 мыңнан астам ақшасын берді. Қыста көмір жағып шықты", – деді Тараз қаласының тұрғыны Талғат Кеншімбаев.
Қаржыны алған компания екі жылда тек екі үйге газ кіргізген. Тұрғындар бұл жолы да газ тарту ұзаққа созылады деп алаңдайды. Бұдан өзге көшедегі құдықтар көп адамның ажалына себепкер болған.
"Тек осылай қазып тастаған. Қазғаны батпақ су. Бір адам түсіп өлді. Қанша бала-шаға түсіп жатыр. Осы жерге көлігіміз де түсіп жатыр", – деді Тараз қаласының тұрғыны Айнұр Қабылова.
Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында бес ауыл тұрғындары жиде ағашын бұтап жылынып отыр
Тұрғындар өзара кеңесіп заңгер жалдаған. Маман тұрғындар мен компания арасында жасалған келісімшарттың мерзімі аяқталғанын анықтаған.
"Уақыты өтіп кетті деп айтып отырмын ғой. 28.01.21 жылға дейін жарауы керек еді. Бұл уақытқа дейін компания газды қосуға міндетті еді. Ал ол оны жібермей тұр. Оның міндеттемелері бітті", – деді заңгер Саламат Дүйсенбеков.
Оқи отырыңыз: "Суықта бүрсең қағып жүрміз". Көгілдір отынға қол жеткізе алмаған шымкенттіктер бас көтерді
Мердігер басшы газ тарту жұмыстарының кешігуіне пандемияның әсер еткенін айтады.
"Бүгінгі таңда 20 километрдей құбыр бар. Жерасты жұмыстарының 60 пайызы бітті. 10 километрдей құбыр жетпей тұр", – деді мердігер компания директоры Бауыржан Бозымбеков.
Осылайша компания диреткоры күзде құбырдан газ шығады деп сендірді. Айтқанын орындамаса, ел сотқа жүгінетінін айтып отыр.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥳 Тарихи жеңіс: Елена Рыбакина тұңғыш рет WTA 1000 турнирінің жеңімпазы болды
-
302
-
0
-
7
-
-
2🗳 Шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады
-
274
-
0
-
2
-
-
3👷♂️ Қазақстанға еңбек мигранттары қай елдерден көбірек келеді?
-
272
-
0
-
0
-
-
4✍️ Мемлекет басшысы салық кодексін өзгерту не толықтыру туралы заң жобасына қол қойды
-
243
-
0
-
0
-
-
5«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнына 16,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды
-
240
-
0
-
0
-
-
6💌 Тоқаев Елена Рыбакинаны Индиан-Уэллстегі жеңісімен құттықтады
-
246
-
0
-
4
-
-
7🦌 Қостанайда полицейлер қалаға кіріп кеткен елікті құтқарды
-
245
-
0
-
3
-
-
8ТМҰ байқаушылары: сайлау ашық және халықаралық стандарттарға сәйкес болды
-
255
-
0
-
2
-
-
9📨 Шетелдегі Қазақстандықтардың 72,54%-ы дауыс берді
-
251
-
0
-
1
-
-
10🚆 Астана – Бурабай бағытында «Наурыз» мерекелік пойыз қатынай бастады
-
232
-
0
-
0
-