Тікелей эфир

"Таныстарын заңсыз жұмысқа алған". "ӨзенМұнайГаз" компаниясының бас директорының орынбасары ұсталды

Оның қылмыстық әрекеттерінің кесірінен мемлекетке 46 миллион теңге көлемінде залал келтірілген.

 "ӨзенМұнайГаз" АҚ бас директорының орынбасары Бауыржан Мәмбетсапаев ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің  баспасөз қызметі хабарлады.

Тергеу департаментінің мәліметінше, ол "Өзенмұнайгаз" АҚ-на жұмысқа орналасудың қолданыстағы тәртібін бұзып, қандай да бір жұмысты жүзеге асырмай жалақы есептелген таныстарының арасынан бірнеше адамды заңсыз жұмысқа қабылдаған.

"Қылмыстық қудалау органы Мәмбетсапаевқа онымен афиллирленген адамдардың жұмыссыздар қатарында болмағаны, халықтың әлеуметтік осал топтарына жатпағаны және тіпті бейінді білімі болмағаны анықталған. Оның қылмыстық әрекеттерінің кесірінен мемлекетке 46 миллион теңге көлемінде залал келтірілген. Сондай-ақ жаңаөзендіктердің кәсіпорынға жұмысқа орналасу құқығы өрескел бұзылған" – делінген хабарламада.


Оқи отырыңыз: Астанада ұсталған жаңаөзендік 126 жұмысшының бесеуіне әкімшілік іс қозғалды


Тергеу барысында Мәмбетсапаевтың құқыққа қайшы қызметінің басқа да эпизодтары, сондай-ақ компанияның лауазымды тұлғалары мен мердігер ұйымдардың тарапынан бюджет қаражатын ұрлау фактілері тексеріледі.

"Тергеу шаралары жалғасып жатыр. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етілмейді", – делінген хабарламада.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары