USD: 468.9 / 471.5
  • EUR: 540.5 / 545.5
  • RUB: 5.59 / 5.71
Тікелей эфир
Алматы +26C
Все города

Талғар шатқалында туристің үстіне тас құлап, ауыр жарақат алды

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
Құтқарушылар Талғар шатқалында жараланған туристі таудан алып түсті.

Алматы облысының тауларында жорық кезінде туристің үстіне тас құлап, ол ауыр жарақат алды. Құтқарушылар зардап шеккен адамды таудан эвакуациялап, дәрігерлерге тапсырды, деп хабарлайды ТЖМ. 

Оқиға Талғар шатқалында, теңіз деңгейінен 2 970 метр биіктікте болған.

Алматы қаласы әкімдігінің Мониторинг және жедел әрекет ету орталығы мен "Барыс" республикалық құтқару қызметінің құтқарушылары оқиға орнына шұғыл жеткен. Олар туристі тауып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен және оның жағдайын ауыр деп бағалаған.

Құтқарушылар зардап шеккен адамды күрделі таулы жер бедері арқылы Кіші Талғар асуына қарай алып шыққан. Кейін оларға Алматы қаласы альпинизм федерациясының еріктілері қосылып, эвакуация жұмыстары "Шымбұлақ" тау курортына дейін жалғасқан.

Одан кейін турист Апаттар медицинасы орталығының бригадасына тапсырылып, әрі қарай қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау