Тікелей эфир

Талдықорған әуе базасында "оқ-дәрілер өздігінен қозғалып", әскери қызметші көз жұмды

Тағы бір әскери қызметшіге дәрігерлер көмек көрсетіп жатыр.

2023 жылғы 15 тамызда Талдықорған әуе базасында жауынгерлік ұшақты ұшуға дайындау кезінде оқ-дәрілер өздігінен қозғалып кетіп, салдарынан 2 әскери қызметші зардап шекті, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. 

Олардың біреуі алған жарақаттарынан қайтыс болды. Екінші әскери қызметшіге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. 

"Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпараттар жарияланбайды. Қарулы күштердің қолбасшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада. 


Оқи отырыңыз: Қазақстанда әскери және мемлекеттік қызметшілерге казиноға баруға тыйым салынбақ


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары