Тікелей эфир

Қазақстанда әскери және мемлекеттік қызметшілерге казиноға баруға тыйым салынбақ

Олар ойын орындарына қызмет бабына байланысты міндетті орындайтын кезде ғана бара алады.

Қазақстандық мемлекеттік қызметкерлер мен құқық қорғау органдарының өкілдеріне, қызметтік міндеттерін орындаумен байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын орындарына баруды шектеу ұсынылады. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы" қаулының жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды.

"Құмар ойындар бизнесі" туралы заңда жазылған анықтамаға жататын ойын мекемесіне бармау – әскери қызметкерлердің, сондай-ақ құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау және мемлекеттік фельдшерлік қызметтер, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын талап. Казиноға қызмет бабына байланысты міндетті орындаған жағдайда ғана баруға болады.

"Билік өкілдерінің ойын мекемесіне баруы қоғам тарапынан негізді сын тудырып, беделіне нұқсан келтіреді. Оларға жоғары талаптар қойылады. Олар  мемлекеттік биліктің абыройы мен беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеуі керек. Бұл түзетулер қызметтік этика нормаларының талаптарын сақтау шеңберінде әскери қызметшілерді ойын мекемесіне барудан бас тартуға ынталандыруға бағытталған ұсынымдық сипаттағы нормаларды енгізуді ұсынады", – деп жазылған құжатта.

Құжат 28 тамызға дейін қоғамдық талқылауда болады.


Оқи отырыңыз: Жемқорлықпен күрес: Енді заңсыз сыйақы берушілер де жауапқа тартылады.


 

Серіктестер жаңалықтары