Таяу Шығыстағы қақтығысқа байланысты Air Astana Алматы мен Астанадан Дубайға ұшатын тұрақты рейстерді уақытша тоқтату мерзімін ұзартты, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Әуе компаниясының мәліметінше, рейстерді тоқтату 1 сәуірден 30 сәуірге дейін (қоса алғанда) жалғасады. Бұл шешім аймақтағы қауіпсіздік жағдайына байланысты қабылданған.
Ұшуды алдын ала жоспарлаған, бірақ рейсі тоқтатылған жолаушыларға бірнеше мүмкіндік ұсынылады:
- билет құнын толық қайтару (айыппұлсыз);
- Дубай бағыты бойынша 30 маусымға дейін тегін қайта брондау;
- әуекомпанияның басқа бағыттарына айыппұлсыз қайта брондау (тариф айырмасы мен әуежай алымдары қосымша төленуі мүмкін).
Әуекомпания қазіргі таңда Таяу Шығыстағы ахуалды тұрақты бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді.