USD: 475.7 / 479.7
  • EUR: 556.0 / 561.0
  • RUB: 6.41 / 6.53
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

Air Astana жазғы рейстерді жариялады: қай елдерге визасыз баруға болады?

Фото: Air Astana
Фото: Air Astana
Қазақстаннан ұшу географиясы кеңейді.

Air Astana әуекомпаниясы 29 наурыз бен 24 қазан аралығында жалғасатын жазғы навигация кезеңіне көшті. Осы уақыт аралығында рейстер саны артып, жаңа бағыттар ашылып, маусымдық бағыттар қайта жанданады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі. 

Ұшу бағдарламасы кеңейеді

"Астана мен Алматыдан Бейжің, Ыстанбұл және Анталья бағыттарына рейстер жиілейді. Мамыр айынан бастап Астанадан Франкфурт қаласына күн сайын ұшуға болады. Ал Алматыдан Үрімші, Тбилиси және Ташкент бағыттарына рейстер саны артады", – делінген хабарламада.

Жаңа халықаралық бағыттар

  • Алматыдан Шанхай қаласына аптасына 3 рет ұшады.
  • Астанадан Гуанчжоу бағытына аптасына 2 рет рейс ашылады.
  • Астана мен Алматыдан Ларнака қаласына да жаңа рейстер іске қосылады.

Маусымдық бағыттар қайта ашылады

  • Нячанг, Дананг, Батуми, Подгорица, Бодрум бағыттарына рейстер қайта жанданады. 
  • Ал Мале бағыты мамыр айының соңына дейін ұзартылды.

"Билеттерді әуекомпанияның ресми сайты мен мобильді қосымшасы арқылы сатып алуға болады. Қазақстан азаматтары Қытай, Вьетнам, Түркия, Грузия, Өзбекстан және Мальдив аралдарына визасыз саяхаттай алады", – делінген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз