Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысы әкімі етіп Шыңғыс Әріновті тағайындады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Шыңғыс Сайранұлы Әрінов Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды", – делінген ресми хабарламада.
Шыңғыс Әрінов бұған дейін Қазақстанның төтенше жағдайлар министрі болды.
Ол 1983 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінде оқыған.
2006-2022 жылдары ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің кадрында әртүрлі офицерлік және басшы лауазымдарда қызмет атқарды. Кейін, 2022-2024 жылдары Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Президент күзет қызметінің бастығы болды. Ал 2024-2026 жылдары Төтенше жағдайлар министрі лауазымында қызмет етті.
Жұлдыз Сүлейменова оқу-ағарту министрі қызметін жалғастырады
Арман Қырықбаев мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды