Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Арман Қырықбаевты мәдениет және ақпарат министрі етіп тағайындады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Арман Оразбайұлы Қырықбаев Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", – делінген ресми хабарламада.
Арман Қырықбаев 1976 жылы Астана қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (Narxoz University) "экономист" мамандығы бойынша және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын "халықаралық қатынастар" мамандығы бойынша тәмамдаған.
Әр жылдары Сыртқы істер және Мәдениет министрліктерінде жұмыс істеген, Қарағанды облысы мен Алматы қаласы әкімдерінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2024 жылғы наурыздан бастап Президент Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі, 2025 жылғы ақпаннан бастап Мемлекет басшысының көмекшісі қызметін атқарды.
Мәдениет және ақпарат министрі қызметінде Арман Қырықбаев бұл ведомствоны 2023 жылғы қыркүйектен бері басқарған Аида Балаеваның орнына келді. 31 тамызда Аида Балаева Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Саясат Нұрбек ғылым және жоғары білім министрі болып тағайындалды
Жұлдыз Сүлейменова оқу-ағарту министрі қызметін жалғастырады