Қылмыстық әрекетті арнайы құрылған 6 серіктестік арқылы жүзеге асырған.
Шымкент тұрғыны жұмыстарды нақты орындамай және қызмет көрсетпей жалған шот-фактураларды жазып берген. Аталған фактіні ҚМА аймақтық департаменті тергеді.
Қылмыстық әрекетті арнайы құрылған 6 серіктестік арқылы жүзеге асырып, нәтижесінде мемлекеттік бюджетке 443 млн теңге салық түспеген.
"Сот үкімімен күдікті қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: OpenAI Sora нейрожелісін ұсынды. Енді киногерлер жұмыссыз қала ма?
Сонымен қатар, 15 млн теңгеден астам сомаға қылмыстық табысы мен 50 млн теңгеден астам сомаға жылжымайтын мүлкі мемлекет кірісіне айналдырылды.
USD:
510.9 / 514.9
EUR:
594.5 / 599.5
RUB:
6.29 / 6.49